Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылға арналған операциялық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппарат басшысының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 1 бұйрығы
(2023.26.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 454 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылға арналған операциялық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Жоспарда көрсетілген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Аппарат басшысы | М. Оразаев |
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Аппарат басшысының 2023.26.05. № 207 бұйрығымен операциялық жоспары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
аппарат басшысының
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 1 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2023 жылға арналған операциялық жоспары
| № | Мақсаты | Жауапты басшы |
| 1-стратегиялық бағыт. АӨК өндірісінің тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау | ||
| 1.1. | Ауыл шаруашылығындағы өндіріс факторларының экономикалық қолжетімділігін арттыру | ВМ (02), ВМ (03) |
| 1.2. | Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру | ВМ (04) |
| 1.3. | Жер ресурстары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыру | ВМ (05) |
| II. Министрліктің ережесінде айқындалған өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар | БВМ, ВМ (02), ВМ (04), ВМ (05) | |
ВМ (02) - қаржы құралдары және микрокредит беру, жобалық басқару, ветеринария және тамақ қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі вице-министр;