(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМЫН ДАМЫТУДЫҢ ...

Медициналық және фармацевтикалық ғылымын дамытудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 502 бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 121) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ медицина және фармацевтика ғылымын дамытуды жетілдіру, денсаулық сақтау саласындағы қызметті үйлестіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми кеңесі құрамы құрылсын.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Ғылыми кеңесі туралы ереже бекітілсін.

3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтары жойылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Цой

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2020 жылғы 12 тамыздағы

№ 502 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің

Ғылыми кеңесінің құрамы

 

Цой

Алексей Владимирович

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төраға

 

Ғиният Ажар

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, төрағаның орынбасары

 

Аукенов

Нұрлан Ерденұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаментінің Медициналық ғылым және жаңа технологиялар басқармасының басшысы, хатшы

 

Сұлтанғазиев

Тимур Сламжанұлы

-

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.