«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 Қаулысы (2024.29.09. берілген өзгерістермен)

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 Қаулысы

(2024.29.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) бекітілсін.

2. Жергілікті атқарушы органдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап екі ай ішінде Үлгілік қағидаларға сәйкес әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлесін және жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынсын.

3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы 30 маусымдағы

 № 523 қаулысымен

бекітілген

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың

үлгілік қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс) 11-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік тәртібін белгілейді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.