(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СПОРТТЫҚ ӘДЕБІН БЕКІТУ ТУ...

Қазақстан Республикасының спорттық әдебін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 51 бұйрығы

 

Осы редакция 2025 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының спорттық әдебі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі

2020 жылғы 28 ақпандағы

№ 51 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының спорттық әдебі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының спорттық әдебі (бұдан әрі - Спорттық әдеп) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді және спортшылардың, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылар мен спорт төрешілерінің мінез-құлығының негізгі ережелерін белгілейді.

2. Негiзгi ұғымдар:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.