«Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеудің тәртібі мен әдістерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 325 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеудің тәртібі мен әдістерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 325 бұйрығы

 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеудің тәртібі мен әдістері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр және тәрбие жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр генерал-лейтенант

Ш. Әрінов

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2026 жылғы 24 тамыздағы

№ 325 бұйрыққа қосымша

 

 

Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшісінің кәсіби құзыретін, негізгі көрсеткіштерін айқындаудың және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингті) есептеудің

тәртібі мен әдістері

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.