«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығы (2025.25.06. берілген өзгерістермен)

«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығы

(2025.25.06. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 64-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы ереже бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Сапаров

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.09.04. № 106 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2025.25.06. № 207 бұйрығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Ауыл шарушылығы министрінің

2024 жылғы 26 сәуірдегі

 № 141 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамы

 

Ербол Қуанышұлы

Тасжүреков

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төраға;

Жанар Тасболатқызы

Маханова

-

Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаментінің директоры, төрағаның орынбасары;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.