«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 106 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 141 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | А. Сапаров |
Ауыл шаруашылығы министрінің
2025 жылғы 9 сәуірдегі
№ 106 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2024 жылғы «26» сәуірдегі
№ 141 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің құрамы
| Ербол Қуанышұлы Тасжүреков | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төраға; |
| Жанар Тасболатқызы Маханова | - | Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаментінің директоры, төрағаның орынбасары; |
| Ербол Еркінұлы Есенеев | - | «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы» Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі (келісу бойынша); |
| Серік Нарсұлтанұлы Ыбыраев | - | «Агросақтандыру ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша); |
| Талғат Мәлікұлы Берекешев | - | «Қазақстан ет өңдеу кәсіпорындары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Байқау кеңесінің төрағасы (келісу бойынша); |