(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГАЗ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 202...

Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 шілдедегі № 488 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-і күніне дейін Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп отырсын.

3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жылына екі рет 15 шілдеге және 15 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп отырсын.

4. Кешенді жоспардың орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2022 жылғы 18 шілдедегі

№ 488 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының газ саласын дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған

кешенді жоспары

Кіріспе

 

 

«Жасыл» энергетиканы дамыту, атап айтқанда энергияның баламалы және жаңартылатын көздеріне көшу жағдайында көптеген мемлекеттер мен ірі трансұлттық мұнай-газ компаниялары өзінің болашақ дамуының негізгі бағдарларын пысықтау үшін әлемдік экономиканың көмірсутек ресурстарына деген қажеттілігінің жаһандық өрбу сценарийлеріне елеулі назар аударады.

Табиғи газ әлемдік энергетика құрылымында және халықаралық отын теңгерімінде ерекше орын алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.