«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 112/НҚ бұйрығы (2025.17.01. берілген өзгерістермен)

Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 112/НҚ бұйрығы

(2025.17.01. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 241-6-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Цифрлық

даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2022 жылғы 11 сәуірдегі

№ 112/НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың тиімділігін

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.