«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 12 қарашадағы № 886 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 775 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21646 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызмет өткеру үшін адамдардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптарда:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) III баған:
мемлекеттік органдардың, комитеттердің, департаменттердің, мемлекеттік органдардың орталық және аумақтық бөлімшелері дербес басқармаларының (бөлімдерінің) әкімшілік функцияларды жүзеге асыратын бастықтары мен бастықтарының орынбасарлары;
III бағанмен белгіленген бөліністердің және қызметтердің басшылары;
құрылыс, өндірістік-экономикалық, жабдықтау, материалдық-техникалық, шаруашылық, әскери қамтамасыз ету;
медициналық, қаржы-экономикалық, ревизиялау-бақылау;
ақпараттық, ақпараттық-техникалық, ұйымдастыру-аналитикалық, штаб, кадр, заң;
тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, жедел-техникалық қызмет түрлерінің қызметкерлері;
ғылыми-зерттеу және оқу орындарының;
қабылдау-тарату орындарының;
екінші арнайы бөлімдердің (топтардың), арнайы тасымалдау бөлімдерінің;
қылмыстық-атқару жүйесі арнайы есеп бөлімшелерінің;
автошаруашылық және арнайы автокөлік мекемелерінің қызметкерлері;