Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 157 бұйрығы
(2018.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 182-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау қағидасы бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті (И.А. Шварцкопф):
1) Заң департаментімен (С.М. Қаппасов) бірлесіп, осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.