Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 Қаулысы
(2024.03.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 880 Қаулысымен күші жойылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес таңбалануға жататын тауарлар тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
ҚР Үкіметінің 2021.31.08. № 588 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.25.04. № 242 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.21.10. № 931 Қаулысымен (2023 ж. 27 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2024.28.06. № 516 Қаулысымен тізбе өзгертілді (2024 ж. 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2024 ж. 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 568 қаулысына
қосымша
Таңбалануға жататын тауарлардың тізбесі
| Р/с № | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) коды | Тауардың атауы | Енгізілген күні |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | 2402209000 | құрамында темекі бар өзге де сигареталар | 2020 жылғы 1 қазан * |
| 2. | 2403 | өнеркәсіпте дайындалған өзге де темекі және өнеркәсіптік темекі алмастырғыштар; «гомогендендірілген» немесе «қалпына келтірілген» темекі; темекі сығындылары мен эссенциялар | 2021 жылғы 1 сәуір |
| 3. | 2402201000 | құрамында темекі бар сигареталар, сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, сигариллалар және темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған, құрамында қалампыр бар сигареталар | 2021 жылғы 1 сәуір |
| 4. | 2402900000 | өзге де сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған сигариллалар мен сигареталар | 2021 жылғы 1 сәуір |