Абай ауданында ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы
Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 тамыздағы № 18/3-VIII шешімі
(2025.26.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 26 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18- бабының 5 - тармағына, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Абай ауданында ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | М. Нұрсұлтанұлы |
2024 жылғы 22 тамыздағы
№ 18/3-VIII шешіміне
1 қосымша