«Білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 334 бұйрығы (2025.27.01. берілген өзгерістермен)

Білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 334 бұйрығы

(2025.27.01. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының 31-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік санаттары берілсін (расталсын).

2. Білім беру ұйымдарының басшылары осы бұйрықтан туындайтын барлық шараларды заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдасын, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес педагогтерге 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қосымша ақы төлеуді жүзеге асырсын.

3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті (М.Е. Адамова) осы бұйрықты Түркістан және Қызылорда облыстарының, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министріне (Н.В. Жумадильдаева) жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Негіздеме: Оқу-ағарту министрлігінің аттестаттау комиссиясының біліктілік санатын беру (растау) жөніндегі 2024 жылғы 12 қарашадағы хаттамасы.

 

 

Министр

Ғ. Бейсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2024 жылғы 18 қарашадағы

№ 334 бұйрығына қосымша

 

 

Білім беру ұйымдарының педагогтеріне

 біліктілік санаттарын беру (растау)

 

Өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келеді:

 

Т.А.Ә.

(бар болған жағдайда)

Лауазымы

Біліктілік санаты

Мәлімделген біліктілік санаты

Берілген біліктілік санаты

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.