«Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 30 мамырдағы № 509 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 30 мамырдағы № 509 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген):

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес» преамбула жаңа редакцияда жазылсын: БҰЙЫРАМЫН:»;

Қөрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;

1-тармағының алтыншы - он алтыншы абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтерді біріктіруді көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет композиттік қызмет болып табылады.»;

4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызмет жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.