Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім (2024 жыл 19 сәуірде Астана қ.) (қолданысқа енген жоқ)

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы
келісім

(2024 жыл 19 сәуірде Астана қ.)

 

ҚР 2025 жылғы 2 маусымдағы № 192-VIII Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» және жеке-жеке «Тарап» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті,

неғұрлым тығыз екіжақты экономикалық ынтымақтастық үшін, атап айтқанда, теңдік және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген бір мемлекет инвесторларының екінші мемлекеттің аумағындағы инвестицияларына қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып;

инвестициялық бастамаларды ынталандыру үшін екі мемлекетте де инвестицияларды көтермелеу мен қорғаудың және өркендеуге қол жеткізудің артып келе жатқан маңыздылығын мойындай отырып;

осы мақсаттарға ұлттық корпорациялар үшін денсаулық сақтау, қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, еңбек және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына қатысты ұлттық нормалар мен қағидаларды бұзбай қол жеткізуге болатынын, осылайша тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуді мойындай отырып;

осындай инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесінде технологияларды берудің, жұмыс орындарын құрудың және адам ресурстарын дамытудың маңыздылығын мойындай отырып;

әрбір Тарап өз мемлекетінің аумағында шетелдік инвестицияларды реттеу және инвестициялық қызметтің ұлттық заңнамаға, мемлекетінің даму саясаты мен стратегияларына сай келуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау құқығын сақтайтындығын мойындай отырып;

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап
Анықтамалар

 

Егер өзгеше белгіленбесе, осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай сөздер мен терминдер тиісті мағыналарға ие болады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.