ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз
Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы
инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау
туралы келісімді ратификациялау туралы
2024 жылғы 19 сәуірде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 2 маусым
№ 192-VIII ҚРЗ