Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 19 қарашадағы № 248 өкімі
(2014.17.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 20 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 қарашадағы № 88 Жарлығына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мынадай:
1) сыртқы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
2) әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
3) қоғамдық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
4) саяси-қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
5) ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі;
6) экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі;
7) экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялары құрылсын.
2. Мыналар:
1) осы өкімге 1-7-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияларының лауазымдық құрамы;
2) осы өкімге 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияларының үлгілік ережесі бекітілсін.
3. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы № 386 өкімінің 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.