Осы редакция 2019 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
3-қосымша
Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін
шекті мәндер
(2018.05.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің тәртібі мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерін, сондай-ақ экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді айқындайды.
2. Мемлекеттік кірістер органының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерін тестілеу олардың кәсіби дайындығының деңгейін, атестацияны өткізу кезінде логикалық ойлау мүмкіндігін айқындау үшін өткізіледі. Тестілеу компьютерлік техниканы пайдаланып тест сұрақтарына жауап беру нысанында жүзеге асырылады.
2-тарау. Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын
білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өту тәртібі мен шарттары,
сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер