«Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 876 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 5 қыркүйектегі № 349 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 876 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19648 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қорғаныс өнеркәсібі саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;».