Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 22 қарашадағы № 876 бұйрығы
(2025.26.09. берілген өзгерістермен)
«Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде ғылыми зерттеулердің сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.