Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 және «Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қазандағы № 932 Қаулысы
(2025.04.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2025.21.07. № 551 Қаулысымен күші жойылды (2025 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 743 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Гуманитарлық көмек ақша немесе тауар нысанында және (немесе) қызметтер түрінде көрсетіледі.
Тауар нысанындағы гуманитарлық көмекке ауыр дене жарақатын келтіруі немесе өлімге әкелуі мүмкін қару-жарақ пен әскери техника кірмейді.
Қазақстан Республикасына көрсетілген гуманитарлық көмекті өткізуге (сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға) жол берілмейді.
Қызметтер көрсету түріндегі гуманитарлық көмек азаматтық қорғау және денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдардың құтқарушы және медициналық құралымдарын жіберу арқылы жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: