«Мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 355 шешімі

Мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 355 шешімі

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106, 109-баптарына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың «Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 310 шешіміне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 3 қаңтарда жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қостанай қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 47343876,5 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша - 24662177,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 102354,0 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 4414240,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша - 18165105,5 мың теңге;

2) шығындар - 55817314,6 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0,0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 8473438,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 8473438,1 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 7-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2019 жылға арналған қаланың жергілікті атқарушы органының резерві 358746,9 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының

2019 жылғы 12 сәуірдегі

№ 355 шешіміне

1-қосымша

 

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының

2018 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 310 шешіміне

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.