ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 2-і.
№ 122
Президентінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 122 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 691 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс
сыйлығын беру жөніндегі комиссияның
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ