«Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 827 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 404 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 211-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.