«Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 177 бұйрығы

Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 177 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 168-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Нысаналы жарна салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялауға жатады және 2025 жылдың 30 желтоқсанынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

2025 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 177 бұйрығына қосымша

 

 

Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру

қағидалары


1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.