Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 Қаулысы
(2022.10.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2022.27.09. № 756 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.