«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 256-НҚ бұйрығы

 «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы № 256-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 24 маусымдағы № 147-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларында:

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтер - су көзінен (өзен, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш, жерлерді суаруға арналған жерасты сулары (бұдан әрі - жерасты сулары)) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелеріне және АШТӨ-лердің жайылма танаптарына су беру, ылғалдандыру суаруын жүргізуге, сондай-ақ сортаңданған топырақты шаюға;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

Субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес жыл сайын мынадай бағыттар бойынша беріледі:

1) АШТӨ су беру бойынша;

2) жерасты суларын пайдалану кезінде АШТӨ үшін электр энергиясының құнын арзандату.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.