«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 623 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025.17.09. № 506 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16525 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қағидалар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде жүзеге асыратын, олар үшін мемлекеттік кірістер органдарына салық төлеушімен ұсынылған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды болып табылады;
2) Салық кодексінің 722-бабы 1-тармағында көрсетілген өнімді бөлу туралы келісімнің шеңберінде теңізде көмірсутегін барлауды және (немесе) өндіруді жүзеге асыратын, олар үшін салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органына ресми ілеспе хатпен ұсынған шетел банкінің немесе резидент елдің заңнамасына сәйкес банктік операцияларды реттеуді жүзеге асыратын ұйымның шотына төлемнің түсуін растайтын үзінді-көшірмесі валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды болып табылады.