2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Кодексте белгіленген декларацияны тапсыру мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңі үшін:
жеке табыс салығы бойынша;
ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша жеңілдетілген декларацияны, егер көрсетілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі үшін мұндай декларацияны ұсынбаған жағдайда
немесе соңғы патенттің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін ұсынбағанн дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.
4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық органдары салық төлеушіні әрекетсіз деп тану туралы бұйрықты жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер:
1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындағаннан;
2) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін салық төлеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар қолданылған жағдайда, олар төленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданған салық органының бұйрығына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер салық органының тиісті бұйрығы қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Салық төлеуші Заңды тұлғалардың мемлекеттік тiзiлiмінен алынған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда, мұндай салық төлеушілер бір мезгілде әрекетсіз салық төлеушілер тiзiлiмінен шығарылады.
580-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге салықтық өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтініш берген тұлға таратылу сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.
Таратылу сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш немесе қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырылады.
2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды:
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған жағдайда - мұндай мәліметтерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда - тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;
3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда - қызметін қайта бастау туралы салық органын хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
§ 8. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 581-бап өзгертілді (2014 ж. 19 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
581-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдік пен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 3), 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық төлеуші туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат табыс етіледі.
Көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2) бейрезиденттердің жинақ шоттарынан және (немесе) шет ел банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа, оның негізінде банк қолма-қол ақша қабылдау және беру жүргізілетін векселдер мен төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірі жоқ банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 47-бабына сәйкес 581-баптың 3) тармақшасының қолданылуы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Төлем құжатында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректерімен сәйкес келмеген не ол болмаған жағдайларда, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осындай төлем құжатының акцептінен бас тартады.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 55-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжаттарын қабылдаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның деректеріне сәйкес көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті. Бұл ретте осы бақылау жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуіне ғана қолданылады.
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем құжатында көрсетілген жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың сәйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган табыс еткен деректерге сәйкес келмеген жағдайда, жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартады.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган табыс еткен деректерде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, банктер немесе банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалардан алынатын, көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартуға құқылы емес;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарын жабу кезінде хабарлардың кепілдік беріліп жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
Техникалық проблемалар салдарынан ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы аталған шоттардың жабылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға берiлген кредит (қарыз) бойынша сыйақыны есепке жазуды тоқтата тұру арқылы осындай сыйақы түріндегі кiрiстердi тану тоқтатылған кезде, осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалатын, бұл жайында уәкілетті орган белгiлеген нысан бойынша мұндай тану тоқтатылған есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей уәкiлеттi органды хабардар етуге;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарындағы ақшасы жеткілікті болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Салық берешегінің сомасын өндіріп алу туралы салық органдарының инкассалық өкімдері де осындай тәртіппен салық органдарының нұсқамасы алынған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірілмей орындалуға міндетті.
Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында ақшасы жоқ немесе жеткілікті болмаған жағдайда, банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомаларын:
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;
төлем карточкасы пайдаланылып төлем жүргізілген жағдайларда салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша жаңа редакцияда
8) нұсқамасы болған кезде, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша ақшасының бар-жоғын және жасалатын операцияларын тексеруге салық органдарының лауазымды адамын жіберуге;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттеме тоқтатылған күнге дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға немесе заңды тұлға болып табылатын қарыз алушыға берiлген кредиттер (қарыздар) бойынша мiндеттемелердің тоқтатылуы кезінде қарыз алушының орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органын күнтізбелік отыз күн ішінде тоқтатылған міндеттеменің мөлшері туралы хабардар етуге міндетті.
Осы тармақшаның ережелері міндеттемені орындау жолмен ол тоқтатылған кезде қолданылмайды.
11) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, осы Кодекстің 216-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімде банк сыйақыларын есептегені туралы салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына есеп пен мәліметтер беруге;
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) салық органының сауал салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
салық салуға байланысты мәселелер бойынша - дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаның;
осы Кодекстің 37-1 және 43-баптарына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекшеліктері қолданылатын дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның;
орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімнен кейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, алты ай өткенге дейін осы есептілікті табыс етпеген, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;
осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін - осы Кодекстің 43-1-бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлғаның;
туындаған күнінен бастап төрт ай бойы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшерде өтелмеген салық берешегі бар заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған әрекетсіз жеке тұлғаның, заңды тұлғаның;
заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);
мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);
өз өкiлеттiктерiн орындаған кезеңде мемлекеттік қызметтi атқаратын адамның және осы кезеңде оның жұбайының (зайыбының);
жазаны өтеу орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.
Осы тармақшада көзделген мәліметтер, жетінші абзацты қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етіледі.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара) 13) тармақша жаңа редакцияда
13) уәкілетті органның интернет-ресурсында ол туралы ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге және осы банкте ашылған банк шоты бар, салық органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған салық төлеушіге банк шоттарын (корреспонденттік шоттарды, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға арналған банк шоттарын қоспағанда) ашудан бас тартуға міндетті.
Осы тармақшаның ережелері өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес банктердің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операциялардың шеңберінде сатып алушы банк берген банк шоттарының орнына бас банк банк шоттарын және қайта ұйымдастыру шеңберінде біріктірілген жағдайда банк берген банк шоттарының орнына құқықтық мирасқор банк ашатын банк шоттарын ашу кезінде қолданылмайды.
Осы баптың мақсаттары үшін мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
Осы баптың бірінші бөлігінің 5), 10), 11) және 12) тармақшаларында көзделген есептер мен мәліметтер ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы беріледі. Техникалық проблемаларға байланысты оларды ақпараттық-коммуникациялық желі арқылы беру мүмкін болмаған жағдайда, көрсетілген есептер мен мәліметтер қағаз жеткізгіште жіберіледі.
Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекске сәйкес табыс ететін мәліметтерді салық органдары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдаланады.
2009.16.07. № 186-ІV ҚР Заңымен 582-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
582-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіні тіркеуді және оны тіркеу есебіне алуды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылы
Салық органдары салық төлеушіні тіркеу және тіркеу есебі кезінде мынадай:
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлiмшелердi есептік тiркеуді, қайта тiркеудi, есептік тiркеуден шығаруды жүзеге асыратын;
2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік статистика саласындағы;
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын, оның ішінде:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеуді;
радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;
ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;
көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді;