Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 120 шешімі
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | М. Тлеумбетов |
Қызылорда облыстық мәслихатының
2024 жылғы 23 қазандағы
№ 120 шешіміне қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7771 болып тіркелген);
2. «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 474 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қызылорда облыстық маслихатының 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8309 болып тіркелген);