Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-99 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің мынадай кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) «Медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № ҚР ДСМ-125/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21421 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық көрсетілетін қызметтерге (көмекке) тәуелсіз сараптама жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге денсаулық сақтау субъектілеріне қойылатын талаптарда:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тәуелсіз сараптама жүргізу мәселелері бойынша жалпы көлемі 4 кредиттен кем емес (120 сағат), соңғы 5 жылдың ішінде қосымша және бейресми білім алудан өткенін растайтын құжаты;»;
2) «Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-145/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21509 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздері қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
4 және 5- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: