«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 166 Қаулысы
Осы редакция 2016 жылғы 22 сәуірде өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. 2014 жылғы 1 шілдедегі № 175 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3589 тіркелген, 2014 жылғы 14 тамыздағы «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С. Н. Хангереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | А. Өтеғұлов |
әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі
№ 166 қаулысымен
бекітілген
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).