«Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 84 Қаулысы

«Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 наурыздағы № 84 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Б. Исабаев

 

Жетісу облысы әкімдігінің

2026 жылғы 20 наурыздағы

№ 84 қаулысына қосымша

 

 

«Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

ережесі


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Жетісу облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында ішкі саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.