«Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 359-НҚ бұйрығы

Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 359-НҚ бұйрығы

 

Өзгерістер енгізу туралы ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 31 наурыздағы № 151-НҚ бұйрығын қараңыз (2026 ж 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі)

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12072 болып тіркелген);

2) «Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 119-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20705 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрі

 

Б. Сұлтанов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.