«Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 119-НҚ бұйрығы (күші жойылды)

«Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 19 мамырдағы № 119-НҚ бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 359-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 553 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12072 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2015 жылғы 10 қазандағы № 194 (28070)) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшін жою жөніндегі ұсыныстарды құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және оны техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынады.

Уәкілетті орган ұсыныстар негізінде Заңның 7-бабының 21) тармақшасына сәйкес техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және бекітеді.

Техникалық регламент осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жария талқылау кезеңінде қоса берілетін тұжырымдама болған кезде әзірленеді.

Тұжырымдамада:

1) техникалық регламенттің атауы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.