Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 100 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 39-бабына сәйкес, 2020 жылғы 5 қазанда № 427 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы Ереженің 19-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2025 жылға арналған Жұмыс жоспары (бұдан әрі - Жұмыс жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) құрылымдық бөлімшелерінің және Агенттіктің Ұлттық статистика бюросының басшылары:
1) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Агенттіктің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаментіне Жұмыс жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат берілсін;
2) жұмыс жоспарда көзделген іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің Коммуникация қызметі осы бұйрық қабылданғаннан кейін бір күндік мерзімде Агенттіктің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Агенттіктің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін Агенттіктің Аппарат басшысына Жұмыс жоспардың іске асырылуы туралы есеп берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.
6. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | Ж. Шаймарданов |
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Төрағасының
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 100 бұйрығымен бекітілген
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің 2025 жылға арналған
жұмыс жоспары
| № п/п | Атауы | Аяқтау нысаны | Орындау мерзімі | Жауапты орындаушы |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |