Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 ақпандағы № 345 шешімі
(2026.10.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңыңың 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы»Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №358 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | Б. Турахметов |
2025 жылғы 11 ақпандағы
№ 345 шешіміне қосымша
«Арал ауданы бойынша 2025 - 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар»