«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 866 Қаулысы

«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 866 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның бухгалтерлік және қоймалық есебінде салу бағасы бойынша көрсетіледі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, шығару, есептен шығару, орнын ауыстыру, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру кезінде бухгалтерлік есепке алу жүзеге асырылады және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржылық есептілік ұсынылады.»;

9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Актілерге материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестікті, сараптаманы, шығарылған жерін растау нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар) қоса беріледі.»;

9-1 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.