Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 Қаулысы
(2024.03.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Қаулыға өзгеріс енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1093 Қаулысын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2023.31.05. № 430 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 198-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 4 наурыздағы
№ 108 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің
материалдық құндылықтарын есепке алу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2023.31.05. № 430 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 13 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Азаматтық қорғау туралы» заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның есепке алуы тәртібін белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2016.15.11. № 704 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.19.12. № 938 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 935 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.