(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫ...

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 Қаулысы

(2016.15.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 198-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 4 наурыздағы

№ 108 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік материалдық резервтің
материалдық құндылықтарын есепке алу
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2014 жылғы 1 наурыздағы және «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібін белгілейді.

ҚР Үкіметінің 2016.15.11. № 704 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі - мемлекеттік резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.