«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1093 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1093 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 17 желтоқсандағы

№ 1093 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 4 наурыздағы

№ 108 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік материалдық резерв (бұдан әрі - мемлекеттік резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға, нарыққа реттеушілік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар қоры;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.