Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығы
(2023.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 18 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.25.07. № 468 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.28.09. № 512 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.25.07. № 468 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.28.09. № 512 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Дәрежелерді беру қағидалары бекітілсін.
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.