«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 43-н/қ бұйрығы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 43-н/қ бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 14-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрі

2025 жылғы 27 қаңтардағы

№ 43-н/қ бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлгінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.