Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары туралы
Бірлескен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 361 Қаулысы және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 39/450 шешімі
(2012.07.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 10-бабы 1-тармағына сәйкес облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары осы қаулы мен шешімге қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.