Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 151/13 шешiмi
(2025.23.12. берілген өзгерістермен)
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025.04.12. № 415/28 шешiмiмен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 08 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3763 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025.04.12. № 415/28 шешiмiмен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағида айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы |
С. Бекшенов |
Тайынша ауданы мәслихатының
2024 жылғы 19 сәуірдегі
№ 151/13 шешіміне 1-қосымша