Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 172 бұйрығы
(2025.14.06. берілген өзгерістермен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025.29.05. № 269/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 14 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Пошта жөнелтiлімдерiн iшкi су көлiгiмен тасымалдау қағидалары бекітілсін.
2. «Почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 57-п бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3557 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;