Почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігітөрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 57-п Бұйрығы
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 172 бұйрығымен күші жойылды
«Ішкі су көліктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен тасымалдау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және қаржылық реттеу департаменті (А.А.Сейтімбеков) осы бұйрықты белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары Д.С. Оразалиновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді және Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің WEB-сайтына қойылады.
Төраға
| А.А. Бектасов |
Келісілген:
Қазақстан Республикасының Көлік
және коммуникациялар Министрі
2005 жыл 11 наурыз
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі Төрағасының
2005 жылғы 28 ақпандағы № 57-п
бұйрығымен бекітілген
Почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен
тасымалдау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Почта жөнелтімдерін ішкі су көліктерімен тасымалдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» және «Почта туралы» Заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында почта жөнелтімдерін ішкі су көлігімен (бұдан әрі - су көлігі) тасымалдауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.