(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕЛЕРАДИО ХАБАРЛАРЫН ТАРАТУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ...

Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 352 Бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):

осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, белгіленген заңнамалық тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2012 жылғы 20 маусымдағы № 352

бұйрығымен бекітілген

 

 

Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану

қағидасы

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7 бабы 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағида теле-, радиоарналарды эфирлік және көпарналы хабар таратулар арқылы тарату бойынша қызметтерді жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату операторларына (цифрлық эфирлі, кәбілді, спутниктік телерадио хабар тарату) (бұдан әрі - Операторлар) және меншік формасына және ұйымдастырушылық-құқықтық формасына тәуелді емес теле-, радиокомпанияларға таратылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.