Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 27 наурыздағы № 148-НҚ бұйрығы
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Биржалық тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберу;
2) осы бұйрықты қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің хабарламасы;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 27 наурыздағы
№ 148-НҚ бұйрығына қосымша
Биржалық тауарлардың тізбесі